Талдықорғанда ІІМ-нің 25 ардагеріне көмек көрсетілді

6 Қаңтар 2021, 16:41
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Талдықорған қаласы Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесі Қалалық әкімдік өкілдерімен бірлесіп жаңа жылдың алғашқы күндерінде ІІО ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізді, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Талдықорған қалалық ПБ Ардагерлер кеңесі жаңа жылдық мереке алдында ІІМ ардагерлеріне көмек көрсету туралы қолдаухат жазған болатын. Қала әкімінің нұсқауы бойынша 25 азық-түлік себеті жинақталып, оған азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі құралдар кірді.

Талдықорған қаласының ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қартқожин Есімхан Есентайұлы және "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Рымтаев Әділет Рымтайұлы ерікті ардагерлер және қалалық әкімдік өкілдерімен бірге демалыс күні, өзінің бүкіл саналы ғұмырын заң жолына арнаған және азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаған 25 зейнеткерге барып қайтты. Азық-түлік себеттері барлық карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып тапсырылды. ІІМ зейнеткерлері естелік суретке түсіп, барлық ұйымдастырушыларға көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?