Нығматулин: Рождество мерекесі қазақстандықтарды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақырады

7 Қаңтар 2021, 14:12
Сурет: Ж.Құспанов

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мерекелік құттықтауын өзінің Twitter парақшасында жариялады.

"Қазақстандағы православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да мейірімді мейрам әрбір үйге, әрбір отбасына амандық, бақыт, тыныштық әкелсін!" - деп жазды Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл мереке қазақстандықтарды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақырады.

Нұрлан Нығматулин осы жолда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашанда ұлтаралық татулықты, халықтар бірлігі мен дінаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударғанын айта келе, елімізге тұрақтылық, барша қазақстандықтарға зор денсаулық тіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?