Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Тәуелсіздік күні - қазақстандықтар үшін баға жетпес байлық!

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2020 19:21 zakon.kz
Мәжіліс төрағасы өз құттықтауында елімізге бірлік пен тыныштық, халқымызға мықты денсаулық және амандық тіледі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Баршаңызды еліміздің ең мерейлі, ең мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрбір қазақстандық үшін ерекше орны бар мереке. Себебі, осы тәуелсіздіктің арқасында бабаларымыздың асыл арманына қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап, дана, көреген, салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз іргесі берік, болашағы жарқын, өркениетті елдер деңгейіне жетті, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы, Елбасының стратегиялық даму бағытын бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев одан әрі жалғастырып жатқанына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин біздің еліміз осы жылдар ішінде зор табыстарға, шынайы жеңістерге жеткенін, бұл барлық қазақстандықтар үшін баға жетпес байлық, зор мақтаныш екенін айтып, елімізге бірлік пен тыныштық, халқымызға мықты денсаулық және амандық тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: