Жаңалықтар тізбегі
0

Жас полицейлер «Тұңғыш президент күні» қарсаңында салтанатты ант қабылдады

Алматы облысы Полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2018 18:50 Алматы облысы Полиция департаменті
Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі.

Бүгін Алматы облысының Полиция департаментінде «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орайластырылған мерекелік салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шарада қызметінде үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрлігінің және Департамент басшылығының дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, жиында қызметке жаңа келген жас полицейлер адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады деп жазады zakon.kz.

Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған ішкі істер органдарының ардагерлері жас полицейлерге қызметіне адал болу үшін ізгі ниеттерін білдіріп, баталарын берді.

Сонымен қатар, осы мерекеге байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Полиция департаментінің жеке құрамы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевпен кездесті. Партия өкілі Елбасымыздың өмірі мен оның тұлға болып қалыптасуы, саралы саясаты туралы баяндама жасады. Кездесуде Тұңғыш Президенттің өмір жолы туралы фильм көрсетілді.

Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары балаларға арнап «Ашық есік күнін» өткізді. Мектеп оқушылары полицейлердің қызметінің қыр-сырымен танысып, олардың көлік түрлерін, қызметтік иттерін тамашалады. Департаменттегі мұражайды аралаған оқушылар таңданысын жасыра алмады. Кейбірі болашақта полицей болып, елге қызмет етуді армандайтынын айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2018 18:50

Талдықорған қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде Полиция департаментінің бастамасымен Алматы облысындағы күштік құрылымдар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Доп додасына Төтенше жағдайлар департментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Арнайы күзет қызметі басқармасының, Алматы облысы ҰҚКД, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы және Полиция департаментінің командалары қатысты.

Тартысты өткен жарыста Алматы облысы Полиция департаментінің командасы 1-орынды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің командасы 2-орынды иеленсе, Алматы облысы Арнайы күзет қызметі басқармасының волейболшылары үштікті түйіндеді.

Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: