Н.Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Ж.Құспанов
Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл ерлік пен патриотизм мерекесі елімізде ерекше құрметпен атап өтілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Ұлы Отан соғысы жылдарында бейбітшілікті қорғаған ардагерлерімізге, басқа елдерде өзінің интернационалдық борышын орындаған жауынгерлерге, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысушы әскери қызметшілерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Бүгінде жүздеген мың қазақстандық еліміздің барлық халқының тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқаруда. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, еліміздің Қарулы күштері нығайып, бүгінде ол ұлттық мүдденің сенімді қорғаушысы және халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесінің негізгі бөлігіне айналды" - деді Мәжіліс Төрағасы.
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қазақстанның бітімгершілік және жауынгерлік әлеуетін дамыту, кез келген қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілеті Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатының маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.
Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript