Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Ақорда Ақорда
Ұшақ Индонезияда теңізге құлаған.

Мемлекет басшысы Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын, – делінген жеделхатта.

Жергілікті Sriwijaya Air әуекомпаниясының Boeing 737-524 ұшағы 8 қаңтарда Джакартадан Пантианакка (Батыс Калимантан провинциясының әкімшілік орталығы) ұшып шықты. Ұшақта 50 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Ел астанасы әуежайынан ұшып шыққаннан кейін шамамен төрт минут өткен соң, ұшақ теңізге құлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз