Тоқаев Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 01:03 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: