Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайлауына келіп, дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 11:35
Сурет: zakon.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Оқушылар сарайында орналасқан No58 сайлау учаскесіне сағат 11: 25-те келді. Ол сайлаушылар тізіміне тіркеліп, бюллетень алып, дауыс беру кабинасына кірді.

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-де ашылды. Сайлау учаскелерін жабу, дауыстарды санаудың басталуы және дауыс беру қорытындылары бойынша хаттамалар сағат 20.00-де жасалады деп күтіледі.

Сайлауға барлығы бес партияның кандидаттары қатысуда. Олар бюллетеньде келесі тәртіпте орналасқан:

1. Қазақстанның Халықтық партиясы;
2. Nur Otan партиясы;
3. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
4. Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы;
5. "Адал" саяси партиясы.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде - 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?