Алматы қаласының әкімі Сағынтаев та дауыс берді

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 16:21 Алматы әкімдігі
Қала әкімі өзінің азаматтық борышын орындап, Оқушылар сарайында орналасқан №377 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімі өзінің азаматтық борышын орындап, Оқушылар сарайында орналасқан №377 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлау КВИ пандемиясы аясында өтіп жатыр, сондықтан біз сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдадық. Қаланың әр тұрғынына өзінің сайлау құқығын орындай алуы үшін барлық жағдайлар жасалған, - деді Сағынтаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 16:21

Журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, Алматы әкімі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізілген сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

Осы жылдар ішінде жүргізілген саясаттың арқасында Қазақстан жай ғана дүние жүзіне танылып қоймай, ол басқалар санасатын және құрметтейтін мемлекетке айналды. Сондықтан, біз бүгін еліміздің одан әрі дамуы мен нығаюы үшін, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тыныштығы мен бақытты болашағы үшін дауыс береміз, - деді әкім.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: