Сайлау учаскелеріндегі видео камералардың бетіне неге скотч желімделген

10 Қаңтар 2021, 14:41
Сурет: zakon.kz

Видеокамераны скочпен желімдеу дауыс беру құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында жасалады, - деді брифингте Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин, деп хабарлайды zakon.kz.

БАҚ тарапынан бейнекамераларды скочпен желімдеудің себебін сұраған сауалға жауап беру сұралды. Бұл бейнекамералар дауыс беру кабинасына бағытталған. Сондықтан бұл дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету үшін жасалады. Сонымен қатар бақылаушыларға қатысты сұрақтар болды. Әртүрлі бақылаушылар әлеуметтік желілерде сайлау учаскелерінде сайлауды бақылау үшін жағдай жасалынбағаны туралы хабарламалар жіберіп жатқанын атап өткім келеді. Біз сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай заң бұзушылықтарды көріп отырған жоқпыз. Бұл шаралар бас санитарлық дәрігердің талаптарына байланысты орындалды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медиа желілерін мониторингілеу болса, бұл АҚДМ-ның тікелей құзыретіне жатады. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган материалдарды прокуратураға жібереді. Жалпы, көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Оларға жауап беру үшін тексеру жүргізу қажет, біз оның нәтижелер туралы кешкі брифингте хабарлаймыз, - деді Сарғазин.

Бұған дейін Бас Прокурордың аға көмекшісі тек 9 қаңтарда, үнсіздік күні прокуратураға екі өтініш түскенін хабарлады: біреуі Бас прокуратураға және біреуі Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының прокуратурасына.

Тікелей сайлау күні, 10 қаңтарда, таңертең және бүгінге дейін прокуратура органдарына ешқандай шағымдар мен өтініштер, оның ішінде дауыс беру шарттарын бұзу фактісі бойынша арыз түскен жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?