Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысушылардың саны 43,9% құрады

10 Қаңтар 2021, 14:51
Сурет: strategy2050.kz

ҚР ОСК-да өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев 2021 жылы 10 қаңтардың сағат 14: 00-дегі жағдайы бойынша Мәжіліс пен Мәслихат депутаттары сайлауына қатысуға келушілер туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 43,9% алды.

Олардың ішінде: Ақмола облысы бойынша – 41,3 %, Ақтөбе облысы бойынша – 41,1 %, Алматы облысы бойынша – 43,0 %, Атырау облысы бойынша – 37,3 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 47,5 %, Жамбыл облысы бойынша – 55,1 %, Қарағанды облысы бойынша – 51,6 %, Қостанай облысы бойынша – 49,9 %,Қызылорда облысы бойынша – 48,7 %, Маңғыстау облысы бойынша – 36,0 %, Павлодар облысы бойынша – 51,1 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,2 %, Түркістан облысы бойынша – 46,6 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,8 %, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,0 %, Алматы қаласы бойынша – 21,9 %, Шымкент қаласы бойынша – 44,5 %.

Келесі шұғыл ақпарат сағат 16.00-де хабарланатын болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?