Түркістан. "Үйде ішкізбеймін!" деген анасына баласы жұдырық ала жүгірді

11 Қаңтар 2021, 16:57
Сурет: Pixabay

Түркістанда кәрі анасына ұлы қол көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Петропавлда әйел анасына қол көтерсе, енді Түркістанда ұлы шешесін жұлмалап тастады. Қазақстандықтар, бұл видеоны қолдамаңыздар! Блогер Айгүл Орынбек Түркістандағы оқиғаның видеосын жариялады. Біз, мына түрімізбен қайда барамыз? Анасына қол көтерген деген не сұмдық, делінген Instagram-дегі kris_p_kuljinka парақшасына жүктелген видео жазбасында.

Бұл видеоға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Facebook қолданушыларының бірінің парақшасында белгісіз ер адамның өзінің жақынын ұрған видео анықталды. Бұл факт бойынша Түркістан облысының ПД-ға ешкім арызбен жүгінген жоқ. Сонымен бірге, көрсетілген бейне материалға сәйкес, мониторинг тобы оқиғаның 2020 жылы 14 қазанда болғанын анықтады. Ер адам Орал қаласының тұрғыны болып шықты, ал кейуана мен келін - Түркістан қаласының тұрғындары. Көрсетілген адамдардың да, егде жастағы әйелдің де ешкімге талаптары жоқ және олар кез-келген мәлімдемеден бас тартты, деп хабарлады полициядағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?