Желіде тәртіп сақшысына жұдырық ала жүгірген ер адамның видеосына қатысты түсініктеме берілді
Әлеуметтік желіде тараған полиция қызметкеріне шабуылдаған ер адамның видеосына қатысты Нұр-Сұлтан полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желіде жас жігіт пен полиция арасындағы жанжалдың видеосы тарап жатыр. Видеода ер адамның тәртіп сақшыларына қалай қарсылық көрсеткені, олардың біреуіне бірнеше рет қол көтергені тіркелген. Ашулы жігітті екінші полиция қызметкері, сондай-ақ азаматтық киім киген басқа адам тыныштандыруға тырысады. Бұл видеоның Нұр-Сұлтанда түсірілгені айтылады.
Түсініктеме алу үшін zakon.kz тілшісі елордалық полиция бөліміне хабарласты.
Полициядағылар видеоның шынымен Нұр-Сұлтанда түсірілгенін растады, бірақ бұл оқиға шамамен 10 ай бұрын болған екен. Ал полицияға ашықтан ашық қарсы шыққан адам өзінде лайықты жазасын алып үлгерген.
2019 жылдың 3 шілдесінде таңғы сағат 5-те, кезекшілік кезінде Шапағат базарының жанындағы Бөгембай көшесіндегі патрульдік полиция полкінің инспекторы автобус жолағында тұрған Daewoo Nexia көлігі тұрғанын байқайды. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлікті тыйым салынған орыннан алып, құжаттарын көрсетуді еткен талабына агрессивті түрде жауап берді. Балағатпен басталған бұл шиеленіс ақырында полиция қызметкеріне қол сілтеу, оған жеңіл дене жарақатын тигізуге әкеліп соққан. Кейін ер адам жағдайдың мән-жайының анық-қанығын тексеру үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Жол ережесін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін орындау кезінде полицейге шабуыл жасағаны үшін құқық бұзушы ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.