Дәленов: Сыртқы саудада оң баланс қамтамасыз етілді
видеодан кадр
Жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3%-ті құрады.
Үкімет елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады, деп хабарлайды zakon.kz.
2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд долларды құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 183 дайын, өңделген түрлері (СЭҚТН 6 түрі бойынша) экспортталды. Импорт 34,4 млрд долларды құрады. Осылайша, 9 млрд. доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді, - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сейсенбі, 12 қаңтардағы Үкімет отырысында.
Өнеркәсіп бойынша мынадай серпін байқалады. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібі озық өсу көрсетті. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9%-ке дейін жеделдеді. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7%-ке төмендеді.
Дәленовтің айтуынша, нәтижесінде, жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3%-ті құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript