Сауда саласы ел экономикасының 26% өсіміне үлес қосқан

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 09:27 Фото: Zakon.kz
Былтыр сауда саласының нақты көлем индексі 108,9% болып, жалпы экономикалық өсімге 26% үлес қосты.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа отырысында айтты. Жиында министр өткен жылдың қорытындысына тоқталып, биылғы жоспарымен бөлісті.

Ішкі тауар айналымында да оң динамика байқалады. Өсім 14,6% артып, 80 триллион теңгеге жетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 10 триллион теңге төмен болған. Негізгі өсімді көтерме сауда қамтамасыз етті, дейді Арман Шаққалиев. Оның көлемі 53,5 трлн теңгені құраған.

Ал бөлшек сауда сегменті 26,4 трлн теңгеге жеткен. Соңғы үш жылдың ішінде алғаш рет салалық инвестициялар тұрақты өсімді көрсеткенін де атап өтті. Мәселен, инвестициялар көлемі бірден 42% артқан.

"Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы тауар айналымы 1,3% өсіп, 143,9 млрд долларға жетті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,2% өсіп, 41 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар шикі заттың емес тауар экспорты өткен жылдың деңгейінде сақталып, 28,7 млрд АҚШ долларын құрады." Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: