Екібастұзда жас қыз артынан қалмай жүрген отбасылы ер адамның үстінен арызданды

12 Қаңтар 2021, 11:17
Сурет: Pixabay

Екібастұзда отбасылы ер адам өзіне қарамай қойған жас қыздың әбден мазасын алып, ақыры бұл іске полиция араласуға мәжбүр болды, деп хабарлады zakon.kz.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, бойжеткен Екібастұз қаласының полициясына хабарласып, танысымен қарым-қатынасын реттеуге көмек сұраған. Оның айтуынша, ер адамның отбасылы екенін білгеннен кейін онымен кездесуден бас тартқан. Алайда ер адам сонда да соңынан қалмай, сыйлық жасап, гүл сыйлап, тәуліктің кез келген уақытында оған хабарласа берген. Тіпті, қыз үшін отбасын тастап кеткенін де айтқан.

"Қыз мұндай әрекетті өзіне төнген қауіп деп қабылдап, полициядан көмек сұрады", - деді облыстық полиция департаменті штаб-басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Мұратхожин.

Учаскелік инспектор 37 жастағы Екібастұздық азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қыздың басқа адаммен кездесіп жүргенін және онымен байланысты жалғастырғысы келмейтіндігін түсіндірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?