Тәуекел Мүсілім тұңғышына ат қоюда қазақы салтқа сай үлкендерге жол берді

12 Қаңтар 2021, 11:58
Сурет: Инстаграм

Карантин кезінде "басы ноқталанып", ұлды болған, көп қыздың арманы - актер Тәуекел Мүсілім баласына есім қою кезінде қазақы салтқа сай үлкендерге жол берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақында ғана келіншегі мен тұңғышын перзентханадан шығарып алған Тәуекел Мүсілімнің анасы балаға ат қойған. Өйткені баланы жас жұптан гөрі апасы асыға әрі аңсап қатты күткен.

Туу туралы куәлікке сәбидің аты-жөні Сабыр Айтөре Тәуекелұлы деп жазылды.

Ал актердің өзі бақытты екенін айтады.

"Махаббат екеуміз ата-ана болдық. Баланың денсаулығы жақсы, анасы да аман. Шүкір! Қазақ еліне +1 батыр. Есімін әлі таңдау үстіндеміз, әжесінің шешімін күтудеміз. Барлық құттықтауларыңызға мың алғыс.Оқып жатырмын, тек жауап беруге үлгерер емеспін. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін! Бізде енді жауапкершілік артты, Алла соны абыроймен орындауға нәсіп етсін. Саналы ұрпақтарымыз көп болсын! Әумин!)" деп жазған еді ол бастапқыда Инстаграмдағы парақшасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?