Алматыда қызыл түсті Audi бес көлікті соқты

12 Қаңтар 2021, 14:12
Сурет: zakon.kz

Алматыдағы Абай көшесінде шығыс бағытта Тілендиев көшесіне солға бұрылуға бағдаршам шамын күтіп тұрған 5 көлікке артынан келіп Audi 100 автокөлігі соғылды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Audi алдымен Hyundai Sonata-ны, сосын Nissan Maxima, сосын Toyota 4Runner-ді соқты. Соңғысының дөңгелегін жұлып алды. Оның алдында тұрған Chevrolet көлігіне джиптің дөңгелегі де, жаңағы Audi да соғылды. Ақыр соңы Audi Lexus GS көлігіне соғылып барып бірақ тоқтады.

Куәгерлер сөзінше, Audi жүргізушісі екі қатардың арасынан өтіп кетпек болған. Бірақ Hyundai көлігін соққаннан кейін оң жағындағы көлік қатарына соғылғысы келмей, солға қарай бұра берген. Сөйтіп бес көлікті түгел соғып шығыпты.

Жол апатынан Lexus жолаушысы және Audi жүргізушісі мен оның жанында отырған қыз жарақат алды. Қыз белдік тақпай отырса керек, терезені баспен ұрған сияқты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?