Жезқазғанда қарақшылық шабуыл жасаған адам қолға түсті

jber.jb.mil, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2019 22:43 jber.jb.mil
Қаскөй жүргізушінің көлігі мен ұялы телефонын иемденіп кетпек болған.

Жезқазғандық полицейлер қарақшылық жасады деген күдікті адамды тұтқындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28-ші қаңтар күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 55 жастағы азамат шағымданып, сол күні түнде Сәтбаев-Сарыкеңгір тас жолының бойында белгісіз біреу қару қолдану арқылы автокөлігі мен ұялы телефонын тартып әкетпекші болғанын айтқан.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция және жедел әрекет ету арнайы жасақ қызметкерлерімен Сәтбаев қаласындағы пәтерлердің бірінде 24 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Күдіктінің үйін тінту барысында айғақ зат ретінде – қос ауыз мылтық тәркіленді",- деп хабарлап отыр ведомства өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азаматқа қатысты "тұтқынға алу" шарасы қолданылып, іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: