Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары қолға түсті

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары қолға түсті , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 12:31 Сурет: ҚР ІІМ
Тәжікстан азаматтары алтын бұйымдар мен ұялы телефон тонады деген күдікке ілінді. Үш ер адам жас келіншектің пәтеріне кіріп, мүлкін тартып алған.
"Жәбірленуші үйде болған. Таңертеңгі сағат 10:00 шамасында бетперде мен бас киім және қара спорттық киім киген үш жігіт пәтердің ашық тұрған есігіне кіріп келген. Олар күш қолданамыз деп қорқытып, алтын бұйымдар мен IPhone 11 маркалы телефонын тартып алған. Айтпақшы, қыз шабуыл жасаушылардың бірінен анасының танысын таныған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар 28, 27 және 31 жастағы Тәжікстан азаматтары. Сондай-ақ күдіктілер қылмыс орнына Lada Priora көлігімен келгені анықталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді. Ұсталғандар қамауға алынды", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Тергеу қарақшылық шабуылға басқа күдіктілердің де қатысы барын жоққа шығармайды. Олардың жеке басы анықталып жатыр.

Қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер таратуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: