Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жасөспірімді тонап кеткен азамат қолға түсті

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 13:47 Сурет: ҚР ІІМ
Алдын ала болжам бойынша, қолында телефоны бар жас жігітті көрген бойда қаскөйдің ойында қылмыстық ниет пайда болды.

Әуезов ауданының полиция қызметкерлерінің хабарламасы бойынша, 28 жастағы С.есімді азамат, заңсыз баю мақсатында өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, телефонын тартып алған.

"Алдын ала болжам бойынша, қолында телефоны бар жас жігітті көрген бойда қаскөйдің ойында қылмыстық ниет пайда болды. Ол жәбірленушінің соңынан еріп, жақын жерде ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, оған шабуыл жасаған. Күдікті ұсталды. Ол тонау қылмысын жасағанын мойындады. Істің осы сатысында тергеу, ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: