Анталияда қазақ қызы өлі күйі табылды
haberler.com
Алдын ала болжам бойынша, жас қыз өз-өзіне қол жұмсаған.
Қазақстандық Арайлым Орынбаева Анталияда өлі күйі табылды. Ол жеті ай бұрын жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды zakon.kz.
Haberler.com сайтының хабарлауынша, ол ормандағы ағашқа асылып тұрған жерінен табылған. Алдын ала болжам бойынша, жас қыз өз-өзіне қол жұмсаған.
Оның денесі Анталия сот-медицина институтының мәйітханасына жеткізілді.
Арайлым Орынбаева жеті ай бұрын отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып кетіп, сол беті оралмады.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript