Алматыда қалта ұрылары қолға түсті

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 12:15 Фото: Zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады.

Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Тінту кезінде ұсталғандардан ұрланған үш телефон табылды.

"Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Исаев өткен жылы қолға алынған шаралардың арқасында 513 ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 315 ұры, сондай-ақ қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 102 топтың қылмыстық әрекетінің алдын алғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: