Түркістан облысында көршісінің үйіне ұрлыққа түскен жас жігітті ұстады

Түркістан облысында көршісінің үйіне ұрлыққа түскен жас жігітті ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 18:05 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті көрші үйде ешкім жоқ екенін байқайды. Содан кейін ол пластикалық терезені ашып, алтын сақинаны, күміс білезікті және Samsung телефонын жымқырып кеткен.

Келесі күні күдікті ұрланған затты базарға апарып сатып, ал қалған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңгеден астам шығын келтірілді.

Тәртіп сақшылары ұрланған заттың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарып берді. Сондай-ақ жас жігіттің тағы осындай екі ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: