Алматының Сайын көшесі тағы 3,2 шақырымға ұзарады

YouTube YouTube
Қазіргі кезде көше ұзартылатын аумақта 20 жер телімі бар.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары биыл басталып, 2022 жылдың соңында аяқталуы керек, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның барлығын уақытылы жүзеге асыру үшін жол бойындағы жер телімдері толық сатып алыну маңызды. Қазіргі кезде көше ұзартылатын аумақта 20 жер телімі бар.

Жуырда қала әкімдігі Сайын көшесін ұзарту жұмыстарының картасын жариялады. Бұл шаһардың ірі жолдардарындағы көлік ағыны мен кептелістерді азайтуға ықпал етеді.

Жалпы аталған даңғыл 6 жолақтан тұрады. Оның жалғасында да осы тәртіпті сақтау көзделген. Сонымен қатар мұнда Рысқұлов көшесінен Мөңке би көшесіне дейін веложолақтар мен тротуарлар салынбақ.

Алматыдағы Сайын көшесінің жалғасын салу 10 жыл бұрын жоспарланған. Алайда қаржы жетіспеушілігіне байланысты жоба кейінге шегерілген. 2020 жылы жоба қайта жандандырылды. Көшенің ұзартылатын бөлігі 3,2 шақырымды құрайды.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз