Алматыда Жандосов көшесі кеңейіп, Сайын даңғылы тағы созылады

Zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 22:53 Zakon.kz/Максим Золотухин
Жыл аяғына дейін BRT-ның екінші кезегі әзірленеді.

Алматыда Жандосов көшесі кеңейтіліп, BRT-ның екінші кезегінің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, Сайын көшесі ұзартылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Казинформ-ға" сілтеме жасап.

Бұл туралы брифингте қалалық мобилділік басқармасы жетекшісінің орынбасары Ернұр Абжаxан айтты.

- BRT-нің алғашқы кезегі бойынша Жандосов көшесінің Сүлейменов пен Үлкен Алматы өзені аралығындағы 1 шақырымдық бір бөлігі қалды. Бұл учаскеде көше кеңейтіледі. Қазір Жандосов көшесінде әр бағытта көлік жүретін екі жолақтан болса, кейін 3 жолақтан болады. Сүрілетін үйлер мен жер телімдерінің 90% сатып алынып қойды, - деді Ернұр Абжаxан.

Сондай-ақ BRT-нің екінші кезегінің қашықтығы Тимирязев-Желтоқсаннан бастап "Жетісу" базарына дейін 13 шақырымды құрамақ.

- Сайын көшесін созу бойынша: Рысқұловтан Мөңке биге қарай 3,2 шақырым жол түседі. Ол халық бұрын жаңа Момышұлы деп атаған, қазір Сайын деп аталатын көшеге қосылады. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, - деп қосты ол.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: