Байбек Nur Otan-ның ары қарай қандай жұмыстарға ден қоймақ екенін айтты

12 Қаңтар 2021, 14:31
Сурет: Facebook Бауыржан Байбек

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз партиясының ары қарай қандай жұмыстармен айналысатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты партияның сайлауалды бағдарламасы – еліміз бен өңірлерді алдағы 5 жылда дамытудың дайын жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасының бағдарын жалғастырады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді қамтиды.

"Nur Otan"-ның бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар. Алғаш рет жоспарлау тәсілі де өзгерді. Мұнда салалық емес, страттық қағидат негізге алынды. Бұл ретте нақты әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады.

Елбасы айтқандай, енді партиямыз сайлауалды уәделердің және Мемлекет басшысының пандемия салдары мен экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша қойған міндеттерінің барлық деңгейде іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыс бар.

Достар! 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы жасампаздық пен Қазақстанның өркендеу жолын таңдаған барша азаматқа тағы да алғыс айтамын.
Бірлесе отырып, сайлауалды уәделеріміздің бәрін де жүзеге асыратынымызға сенімдімін! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!", деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында.

10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өтті. 12 қаңтарда ҚР ОСК қорытындысын жариялады. Парламентке үш партия өтті: "Nur Otan", Қазақстанның Халықтық партиясы және Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы. "Nur Otan" ең көп мандатқа ие болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?