Еуроодақ Қырғызстандағы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

12 Қаңтар 2021, 16:38
Сурет: platforma.kg

Еуропа одағының Қырғызстандағы өкілдігі президент сайлауы мен референдумға қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Онда Еуроодақ "тәртіпті әрі жақсы ұйымдастырылған президент сайлауын" құптайтыны, дегенмен сайлауға түскен кандидаттардың барлығына тең мүмкіндік жасалмағаны, әкімшілік күш қолданылғаны және үгіт-насихат жүргізу ережесі бұзылғаны айтылған.

Сайлаушылардың дауыс беруге келуі де әлсіз болды. ЕО жаңа президентті қоғамның барлық салаларындағы азаматтармен жұмыс істеуге, адам құқықтары мен еркіндігі жөніндегі міндеттерді орындауға шақырады делінген мәлімдемеде.

Бұған қоса, Еуроодақ жаңа Конституция жобасын талқылау ашық әрі әділ өтуі тиіс деп есептейді.

Еуропа одағы қырғыз билігін парламент сайлауын тезірек өткізуге, ЕҚЫҰ ескертулерін ескеруге шақырды.

Қырғызстанда 10 қаңтарда өткен президент сайлауында Садыр Жапаров алда келеді. ОСК мәліметі бойынша, Жапаров сайлауда 79 пайыз дауыс жинаған. Сайлаумен бірге мемлекеттік басқару формасы жөнінде референдум өтті. Сайлаушылардың 80 пайызы президенттік басқару формасын таңдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?