Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас прокуратурасы сайлауға байланысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 19:19 Сурет: pixabay
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 20 қарашаға тағайындалған ел Президентінің кезектен тыс сайлауы шеңберінде үгіт-насихат кезеңінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі заңмен қатаң реттелетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізінен, сауал салуды жүргізу құқығын іске асырудың негіздері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 29-бабында (9-тармақ, бұдан әрі-Конституциялық заң) бекітілген.

Нақты айтқанда, аталған құқықтық нормаға сай қоғамдық пікірге сауал салуды оларды жүргізуде кемінде 5 жыл тәжірибесі бар, сауал салу ниеті туралы ОСК-ны (Орталық сайлау комиссиясын) алдын ала жазбаша хабардар еткен, тіркелген заңды тұлғалар жүргізуге құқылы. Хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және онда жұмыс тәжірибесі бар мамандар, олар жүргізілетін өңірлер, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

2022 жылдың 14 қарашадағы жағдай бойынша осындай жазбаша хабарламалармен ОСК-ға 7 заңды тұлға жүгінді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пікірге сауал салу жүргізуге тыйым салынады.

Бұл ретте, сайлау күні сайлау учаскелерінен шығу кезінде ОСК-ны жазбаша хабардар еткен, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғаларға сауал салуды жүргізуге рұқсат етіледі.

Өз кезегінде, БАҚ сауал салу нәтижелерін жариялау кезінде оны жүргізген заңды тұлғаны және сауал салуға тапсырыс берген және төлеген адамдарды, өткізу уақытын, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты тұжырымын, сұралғандардың санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті, делінген хабарламада.

Сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді БАҚ-та жариялауға дауыс беру күніне дейін 5 күн ішінде және дауыс беру күні жол берілмейді.

Осылайша, ағымдағы сайлау науқаны жағдайында БАҚ сауал салу нәтижелерін биылғы 15 қарашаға дейін жариялай алады.

Сайлау күні сайлау учаскелерінен шыққанда жүзеге асырылған қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін БАҚ-та жариялау дауыс беру күнінен кейін рұқсат етіледі. Конституциялық Заңның көрсетілген талаптарын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының тиісті бөліктері бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта жеке тұлғалар жүргізген сауал салумен байланысты мұндай бұзушылықтардың 2 фактісі орын алды. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Мазмұндалғандар туралы хабарлай отырып, Бас прокуратура, барлық жеке және заңды тұлғаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге, оның ішінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және жариялау кезінде Конституциялық заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: