Алматыда қалың қардан 70 жол-көлік апаты тіркелді

13 Қаңтар 2021, 11:01
Сурет: inform.kz

Ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті жол ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.

Түнгі сағат үштен бастап мегаполисте 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды, оның 6-сында адамдар зардап шекті. Қардың қалың жауғаны қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық: кептелістер болып, көлік жүрісі қиындайды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұған көбінесе жол қозғалысы қатысушылардың төмен тәртібі себеп болады: кей жүргізушілер жылдамдықты азайтпайды, апатты жағдай туғызады, қауіпті маневр жасайды, бір-біріне жол бермейді, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтеді. Бұл факторлардың бәрі жалпы жол жағдайына кері әсер етеді, деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Полиция сонымен қатар жол қателікті кешірмейтінін еске салды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?