Алматыда есірткі сатумен айналысқан топқа қатысты сот үкімі шықты

13 Қаңтар 2021, 12:20
Сурет: inbusiness.kz

Алматыда есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16-17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық ПД еске салып өткендей, есірткі қылмысымен күресушілер мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы қаласының аумағында “гашиш” есірткісін сатумен және таратумен айналысқан қылмыстық топты әшкереленді.

– ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында А.есімді азаматтың заңсыз Алматы қаласының аумағында есірткі заттарын сату және сақтау мақсатында Алматы қаласының аумағында ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік еткендігі анықталды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабы 1 және 2-бөлігі – қылмыстық ұйымның ұйымдасқан тобын құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу бойынша да қылмыстық істер тіркелді. Іздестіру іс-шаралары жүргізілген жерлерде ұсталғандардан бір травматикалық тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық және оларға арналған оқ-дәрі, сонымен қатар, жалпы салмағы 4 кг 868,38гр есірткі заты “гашиш” тәркіленді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары мен сот-медициналық сараптамалар кешенін жүргізген іс жүргізу прокурорлары тобының қатысуымен, сондай-ақ, Тергеу басқармасы мен есірткі қылмыстарына қарсы күрес Басқармасының тәжірибелі қызметкерлері арасынан құрылған тергеу-жедел топтың үйлесімді жұмысының арқасында барлық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері әшкереленді, олардың қылмыстық әрекеттері дәлелденді және “сату кеңселері” деп аталатын дәріханалар жойылды.

– Ұсталған адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 262 бабы 1,2 бөлігі (құру және басқару, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) – екі қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігі (есірткі сату) -28 қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сақтау) – бір қылмыс іс, ҚР ҚК-нің 302-бабы 2-бөлігі (есірткіні тұтыну үшін жезөкшелер үйін ұйымдастыру және ұстау) – бір қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы Қалалық полиция департаменті Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Оның айтуынша, 30 желтоқтан Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен барлық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері өздеріне қатысты әрекеттер үшін кінәлі деп танылды.

- Қылмыстық топтың басшысы, А.азаматқа 17 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, қылмыстық топтың қалған төрт мүшесі 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?