Қарағанды соты қауіпті қылмыстық топқа үкім шығарды

Сотталушылар орындығында сегіз адам отырды: Қайсаров, Кукумбаев, Малғаздар, Сапаров, Әбішев, Мұхамединов, Васенин, Хачатурян.
Оларға ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, қатысу; қылмыстық топпен атыс қаруын, газды қаруды, оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, сақтау, алып жүру; басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, жалдау бойынша адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша айып тағылды.
Сотпен анықталғандай, 2022 жылғы 24 қаңтар түнде бес сотталушы адамдар тобы болып, қаруланып, камуфляжды киім киіп, Мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлерінің кейпін танытып, тергеу әрекетін, атап айтқанда тінту жүргізгендей болып, азаматтың үйіне кіріп отбасы мүшелерінің көзінше олардың мүлкін үлкен мөлшерде тонап әкеткен.
Одан басқа, 2022 жылдың тамызында Х.-ны өлтіру мақсатында Кайсаров және тағы екі азамат ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық еткен, ал 5 сотталушы ақшалай сыйақыға аталған топқа оның қатысушылары ретінде кірген.
Аталған қылмысты жасау үшін бірі "ВАЗ 21114" көлігін сатып алған, ал тағы бірі соңғының нұсқауымен осы көліктің сәйкестендіру нөмірін өшіріп тастаған. Әрі қарай, 2022 жылдың 23 қыркүйегінде В. және Х. З. Хасеновтың сыртынан бақылаған, сағат 11.00 шамасында Х. кәмелетке толмаған ұлымен бірге "BMW X6" маркалы автокөлікпен өз үйінің ауласынан шыққан, ол туралы В. рациямен К.-ға хабарлаған. Содан кейін В. мен Х. өз еркілерімен ұйымдасқан топтан шығып бақылау орнынан кетіп қалған.
"Осы кезде С., К. және М. атыс және травматикалық қарулармен қаруланып, "ВАЗ21144" маркалы автокөлікпен "Инвиво" клиникасына келеді, Х. баласымен осы клиникада болады, М. көліктен шығып сырттан бақылап тұрады. Х. баласымен клиникадан шығып, автокөлікке отырып, автотұрақтан шыға бастағанда К. "ВАЗ 21114" маркалы автокөліктің жүргізуші артындағы орыннан Макаров тапаншасымен Х.-ға қарай көздеп алты рет оқ атқан, оқтардың біреуі соңғының сол жақ иығына тиіп, денсаулығына жеңіл зиян келтірген, ал қалған оқтар көліктің оң жақ сыртына тиген",- делінген ақпаратта.
М. ұсталып қаламын деп қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен, ал К. Мен С. "ВАЗ21144" автокөлігімен Үштөбе ауылы жағына бет алған, ал Х. ұлымен бірге өз көлігімен олардың арттарынан қуған. С. мен К. "Үштөбе Құс" құс фабрикасына дейін жетіп, сол жерде К. өзімен бірге атыс қаруын алып Үштөбе ауылына қарай қашып кеткен, ал С. қылмыс құралын жою мақсатында құс фабрикасының маңайында автокөліктің алдыңғы бөлігін өртеп, газ тапаншасымен қаруланып, каналдың ішіне жасырынған.
"Сағат 14.00 шамасында "ВАЗ21144" автокөлігін тастап кеткен жерге полиция қызметкерлері, оның ішінде Б., келіп, соңғы сол жерді тексеру барысында канал ішінде жасырынып жатқан С.-ны тауып алған, өз кезегінде С. Б.-ға газ тапаншасынан үш рет атып, соңғының денсаулығына жеңіл зиян келтірген",- деп мәлімдеді сот.
Сот шешімімен айыптаушылар 4 жылдан 21 жылға дейін бас бостандығынан айрылды:
- А.-ға – 18 жыл,
- К.-ға– 18 жыл,
- М.-ға – 18 жыл 6 ай,
- К.-ға – 21 жыл,
- С.-ға – 18 жыл,
- М.-ға – 17 жыл,
- Х.-ға – 8 жыл,
- В.-ға – 4 жыл.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.