Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында туған қызын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 19:12 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі Сарқан ауданындағы қоқыс үйіндісінен өлі табылған бес жасар қыздың ісіне қатысты үкім шыққанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, марқұм қызды шешесі мен оның туысқан ағасы қаланың сыртында орналасқан кірпіш зауытының жанындағы полигонға алып келіп, алдын-ала сөз байласқандай, баланы өлтіріп, содан кейін денені жасырған.

"Сотталушылар кінәсін толық мойындағандықтан және сотталушының тәрбиесінде жас бала болғандықтан, прокурор оларды ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және осы баптың негізінде 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады". Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі


Сот отырысының қорытындысы бойынша судья екеуін де кінәлі деп танып, оларға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 17 мамырда Саркандта қала маңындағы қоқыс полигонынан 4-5 жас аралығындағы қыздың денесі табылды. Бірнеше адам кісі өлтіру күдігімен қамауға алынды. Анасының айтуынша, қыз церебральды сал ауруымен ауырған, сондай-ақ туа біткен ақыл-ой кемістігі де бар. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: