Telegram қолданушылар саны соңғы 72 сағатта 25 млн адамға өсті

csn-tv csn-tv
Күні кеше Telegram-да Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған тіркелді.

Жаңа қолданушылар бүкіл әлем бойынша тіркелуде – 38% Азиядан, 27% Еуропадан, 21% Латын Америкасынан және 8% Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка, – деп жазды ресейлік кәсіпкер, миллиардер Павел Дуров өз блогында.

Ол қаңтардың бірінші аптасында "Telegram-ды белсенді пайдаланушылар саны айына 500 миллион адамға жетті", дейді.

Қаңтарда WhatsApp мессенджері өзінің екі миллиардтан астам қолданушыларына сервисті пайдалануды жалғастыру үшін өз деректерімен Facebook-те бөлісуге келісім беруі тиіс екенін хабарлаған. Содан кейін Telegram мен қорғалған мессенджер Signal-ды жүктеу саны күрт өсіп кетті, деп атап өтеді CNBC.

Бұған дейін британдық Telegraph газеті жазғандай, АҚШ-та Telegram жүктелуі жағынан екінші орынға шықты. Содан кейін бұл мессенджерге Дональд Трамптың жақтаушылары жаппай кірген. Өйткені жексенбіде Трамптың Twitter мен Facebook-тегі аккаунты бұғатталған еді.

Күні кеше Telegram-да Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған тіркеліп, өз каналын ашып қойды.

zkadm
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз