Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде кедейлер саны 18,6 млн адамға жетті

Shutterstock, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 22:58 Shutterstock
Екі күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин ресейліктердің шынайы табысы "тым баяу" өсіп жатыр деп мәлімдеген.

Ресейде табысы кедейлік шегінен төмен тұрғындар саны тағы да көбейді. Бұл туралы мәліметті Росстат мекемесі 27 тамызда ресми сайтында жариялаған, деп хабарлайды Азаттық.

Мекеменің хабарлауынша, 2019 жылғы екінші тоқсанда Ресейде кедейлік шегінен (11185 рубль) төмен табысқа өмір сүріп жатқан тұрғындар саны 18,6 миллон адамды құраған. Бұл - Ресей тұрғындарының 12,7 пайызына тең. Өткен жылдың бірінші тоқсанында Ресейде мұндай адамдар саны 12,5 пайыз болған.

Росстат кедейлер санының көбеюін инфляцияның өсуімен (ресми көрсеткіш жылына 5 пайызды құрайды) түсіндіреді.

Осыдан екі күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин ресейліктердің шынайы табысы "тым баяу" өсіп жатыр деп мәлімдеген. Бұған дейін кей экономистер тұрғындар арасында табысы көбеймегендер барын айтқан болатын.

Ресей халық шаруашылығы академиясының мәліметінше, қазіргі кезде тұрмысы өте кедей тұрғындардың үлесі 22 пайызды құрайды. Ал 5,6 пайызы ішер асқа жарымай отыр.

Росстат мекемесінің дерегінше,

Ресейдегі жасы 18-ге толмаған балалардың 26 пайызы кедей отбасында өмір сүріп жатыр. Әдетте ауылды жерде тұратын және көп балалы отбасыларда осындай жағдай жиі ұшырасады.

"Левада" орталығының биылғы мамырдағы дерегінше, ресейліктердің 65 пайызы "ешқандай" қаржы қоры жоқ екенін айтқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: