Елбасы кітапханасының директоры қызметінен босатылды

14 Қаңтар 2021, 09:21
Сурет: parlam.kz

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры Әмірхан Рахымжанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды, делінеді Ақорда сайтында.

Әмірхан Рахымжанов Nur Otan партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды. Ол сайлау қорытындысы бойынша партияның Мәжілісте ұсынған кандидаттары тізіміне кірген.

Әмірхан Рахымжанов 1960 жылы Семей облысында дүниеге келген. Үйленген, үш қызы бар. Қазақ, орыс, жапон, ағылшын тілдерін біледі.

Білімі:

- Семей педагогикалық институты (1987)

Тарих және қоғамтану оқытушысы

- Семей бизнес және кәсіпкерлік институты, Қазақ қаржы-экономикалық институты (2000)

Экономист-менеджер

Әр жылдары Орта және кәсіптік білім беру комитетінің бөлім басшысы, Орта білім департаменті директорының орынбасары, Президент Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылдың 20 наурызынан бастап "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында" жұмыс істеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?