Пара бергендер енді 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Лада, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 15:47 Лада
Бұрын 5 жыл болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Аntikor ortalyǵy алаңында қылмыстық процессте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша қабылданған заңнамалық жаңашылықтар туралы брифинг өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынғанын хабарлады.

Спикер енді лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, яғни айтарлықтай мөлшерде пара беруге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы (бұрын 5 жыл болған) тағайындалуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұл қылмыстар автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген. Парақорлыққа бірнеше рет делдалдық жасағаны үшін, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу түріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады.

А.Жұмағали хабарлағандай, азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінуі керек. Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болады.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға жаза күшейтілгенін атап өтті. Заңмен ҚК-нің 366-бабында судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты жаңа құрам (ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігі) енгізіліп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі санкция күшейтілгенін жеткізді.

Енді құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның қарапайым пара, яғни 50 АЕК-тен кем пара алуы (145 850 теңгеге дейін) бұрынғы редакциядағыдай ауырлығы орташа емес, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады. Сондықтан, ең алдымен, бұл тұлғалар шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінен айырылады және жазасын бірден қоныс-колонияларда өтеу мүмкіндігі жойылады.

Айта кету керек, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салуға, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (қоныс-колонияларға) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар үшін жазаны өтеу мүмкіндігін болдырмауға байланысты жаңашылықтар да осы Заңмен енгізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, судьялар үшін шетелдік банктерден шот ашуға және иеленуге тыйым салуға қатысты заңнамалық түзетулер қабылданды.

Жоғарыда баяндалған барлық заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқорлықпен күресті күшейтуге зор үлес қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады, - деді Департамент басшысы А.Жұмағали.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: