Полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 19:17 Сурет: видео скрині
Оқиға 24 сәуір күні Қостанай облысының Қарабалық кентінде болған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғынына екі полиция қызметкері ескерту жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда олардың заңды талаптарына бағынбай, сақшыларды сүйреп, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Екеуі де түрлі дене жарақаттарын алған. Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: