Жылы орын тауып мәз. Айдос Сарым сатылып кетті – Мұхтар Тайжан
inbusiness.kz
Ұстазың марқұм Алтеке иманды болсын.
Мұхтар Тайжан ағынан жарылды.
Ол "бұрын Айдос Сарымды ақылы мен білімі үшін сыйлап келген едім" дейді. Сөйтсе, бұл да Қосанов сияқты қазақ халқының сатқыны боп шығып, енді халықтың сенімімен ойнап, халықтың алтын тарихи уақытын ұрлап отыр екен.
Бірінші рет Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасына қатысты сенің сатқындық ұстанымыңа қатысты ерегесіп қалдық. Жарайды, қателесті деп, кешірдім. Екінші рет 2016 жылы Жер мәселесі жайында Расул (Жұмалы - ред.) екеуің ләм демей, үндемей қалдыңдар. Тіпті "жер сатылмасын" деп бірде бір пост жазған жоқсыңдар. Кейін Жер Комиссиясының шешіміне біздің ортақ, алдын ала келіскен, шешімімізге жалғыз болып қарсы дауыс бердің. Ол біздің тобымызға нағыз опасыз әрекет болды.
Енді міне, Нұротанға қосылдың.
Кейін Жаңа Қазақстан, Қосанов науқаны - бұл деген халықтың сенімімен нағыз ойнау болды. Енді міне Нұротанға қосылдың. Назарбаевқа қол шапалап тұрсың. Ұстазың марқұм Алтеке иманды болсын бұл әрекетің үшін саған не дер еді? Кезінде сен Байменовтың қолың ұстамаймын деп жүрдің, ал енді өзің не істедің? Сатылып кеттің. Бұл пост саған жарнама емес, бұл менің ғана емес - халықтың саған берген бағасы. Аяймын сені. Еркек өз болмысын сатпау керек, ал сен соған бардың. Бір ғана нәрсеге жаным ашиды. Сен сияқты жалған саясаткерлер халықтың сенімімен ойнап халықтың алтын тарихи уақытын ұрлайды. Халықтың саясатқа көңілі қалып саясаттан жұрдай жүреді. Сендердің әрекеттерінен ең зиян нәтижесі сол болады. Ал сендер жылы орын тауып мәз болып отырасыңдар. Жарайды, ставки сделаны, сен ана жаққа баяғыда кеттің, мен халық жағында қалдым. Таңдау жасадық, сен де аман бол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript