Мұхтар Тайжан да достарымен бірге партия құрмақ
facebook.com
Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200 астам партия бар.
Елімізде көпшілікке танымал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің достарымен бірге партия ашу жоспары бар екенін жайып салды.
Оның сөзінше, саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды.
- Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200 астам партия бар. Ал бізде небәрі 6-7 партия ғана...Сондықтан партия құруды мен өз басым құптаймын, дұрыс. Заң жүзінде мұндай мүмкіндік ашылса, біз де достарыммен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды, - деп жазыпты ол
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript