15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігіт бостандыққа шықты

14 Қаңтар 2021, 12:10
Сурет: видеодан кадр

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ақтөбелік 17 жастағы жігіт бостандыққа шықты, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өткен жылдың шілде айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер үйден бірінші рет қашып кеткен. Кейін осы оқиға қайта қайталанған. Оларды іздеген қыздың анасы сот-медициналық сараптама жасауды сұраған. Нәтижесінде, ер жігіттің 16 жасқа толмаған қызбен интимдік қатынасқа түскені дәлелденген. Сол себепті сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған.

Аппеляциялық сотта сот үкімі қайта қаралып, бозабалаға 1,6 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Мұратқожа Амитов, адвокат:

Соттың ескерген жағдайлары, ҚК 55 бапты ескере отырып, оның кәмелетке толмағандығын және жәбірленушілер кешіргенін, мінез-құлқын бәрін ескере отырып, оның жазасын қамақтан босатудан, бас бостандығынан шектеуге ауыстырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?