Алматыда "проблема шешкіш" ер адам жазаға кесілді

rus.azattyk.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 20:21 rus.azattyk.org
Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматыда алаяқтық әрекеті және ірі көлемде пара беруге итермелегені үшін ер адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М.Н.Сүлеймен алаяқтық әрекеті және аса ірі көлемде пара беруге итермелегені шін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы бойынша сотталды, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Оған алдын ала келісілген 90 000 АҚШ долларының 46 500 доллары көлемінде аса ірі мөлшерде пара алды (алаяқтық әрекеті арқылы) және пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Сотталушы жер учаскесіндегі шектеуді алу және 11 қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру мәселесін шешуге уәде берген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: