Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда қатты желден шатырлар ұшып жатыр

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 20:53 inbusiness.kz
Атырау құтқарушылары белсенді әрекет етуде.

Атырауда – қатты жел. "Қазгидромет" РМК "облыстың кей жерлерінде аздаған қар жауып, ұйытқуы секундына 25 метрге дейін жететін қатты желдің болатыны" жөнінде ескертіп, төтенше жағдайлар департаменті соған байланысты халыққа хабарлап, қала мен аудан әкімдіктеріне ескерту мен қажетті шараларды қабылдау жөнінде ақпарат берген, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап

Қазіргі күні қатты желдің әсерінен бірнеше жерде шатырлар ұшып кетіп, олардың құлап кетуі адамдардың өміріне қауіп төндірген жағдайлар болды. Атап айтқанда, "Нұрсая" ықшамауданындағы үйлердің бірінен 72 м2 болатын шатыр бөлігінің ұшып, қайырылып, шатырдың қалған бөлігінің үстіне құлағаны анықталды.

Оқиға орнына барған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен бүлінген конструкцияларды нығайтып, қауіпті аймақты қоршады. Сондай-ақ, құтқарушылар Азаттық көшесіндегі көп қабатты үй шатырының құлайын деп тұрған 16 шаршы метр бөлігін қатайтып, қалпына келтірді. Олар бұл үшін альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, көлік жолына түскен шатырларды жинақтап алған. Осындай жедел әрекеттердің арқасында ешкімнің денсаулығына зақым келіп, зардап шеккен жоқ.

Құралай Қуатова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: