Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы-3. Қалада үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

ЭК/Валерий КАЛИЕВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 21:49 ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Алматы агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Алматы маңында, қаладан батысқа қарай бағытта Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарлануда. Бұл туралы "Алматы қаласының Бас жоспарын түзету" жобасы бойынша "Көлік инфрақұрылымы" тақырыбында өткен жұмыс кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап.

- Алматы-3 вокзалы құрылысын бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ (ҚТЖ) ұсынған еді. Оларға жаңа станция жүк түсіру үшін қажет, бірақ бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Біз болашақта Сайын көшесі қосылатын Боралдай ауылы маңында магистральды жол салып, қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Ол жерде қазір станция бар, енді вокзал салу керек. Осылайша, бүкіл батыс аумақ қамтылатын болады. Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындары қалаға Алматы-2-ден түспей-ақ келе алады. Осылайша, біз негізгі вокзалдың жүктемесін азайтамыз, - деді "Алматыгипрогор-1" ЖШС бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.

Ол Алматыдағы теміржол торабы жолдарының жалпы ұзындығы 69 шақырымды құрайтынын атап өтті. Торапқа 9 станция кіреді, оның ішінде Алматы-1 мен Алматы-2 де бар.

Алматы агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде:

- Алматы-1 – Алматы-2 желісі бойынша екінші жолдарды салу;

- Алматы-2 станциясынан қала сыртындағы ауылдарға баратын теміржол тасымалы станциясының құрылысы;

- Алматы-1 – Талғар бағытында жүк-жолаушылар теміржол жолының құрылысы;

- Алматы – Ұзынағаш трамвай жолының құрылысы.

Сонымен қатар, Сатыбалдиев Алматы халықаралық әуежайын қала сыртына, Жетіген ауылына көшіруден бас тарту шешіміне қатысты өз пікірін білдірді.

- Алматы әуежайы - кез-келген типтегі ұшақтарды қабылдай алатын, инфрақұрылымы бойынша әлемдік көшбасшылардың ондығына кіретін бірегей нысан. Ауежайдың жаңа қожайыны - түрік компаниясы жаңа терминал салуды жоспарлап отыр (оның құрылысы 2022 жылдың екінші тоқсанында аяқталуы тиіс. - ред.). 2030 жылдың соңына дейін әуежайды көшіру жоспары қарастырылмайды, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: