ЖОО-ға оқуға түскен студенттердің грантты өтеу шарттары қайтадан жасақталды

14 Қаңтар 2021, 17:38
Сурет: Pixabay

Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеу қажет. Осылайша түлектер жиі көтеретін мәселе оң шешімін тапқанын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Заңға енгізілген жаңа норма түрлі ұйымдардағы кадр мәселесін шешуге септігін тигізеді әрі түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Мысалы, студент ауылдық квота арқылы фармацевтика бағыты бойынша оқуын аяқтады делік. Кейін ол ауылға барып, өз мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымда жұмыс істеуге міндетті болатын. Ал, ауылда мемлекеттік дәріхана жоқ болса ше? Түлектің қиын жағдайға тап болатыны анық. Сондықтан бұл мәселе де шешімін тапты. Ендігі кезекте грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады", – деді министр.

Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамып келеді және мемлекеттік тапсырыс жекеменшік балабақшаларда, мектептер мен ауруханаларда орналастырылып жатқанын да ескеру қажет.

Грант арқылы оқуын бастап, кейін ақылы бөлімге ауысатын азаматтарға қатысты тағы бір норма қабылданды. Кейбір грант иегерлері мемлекет шығынын жұмыспен өтеу рәсімін айналып өтудің амалын тапқан. Олар грант арқылы үшінші курсқа дейін тегін оқып, үш жыл бойы стипендия алады. Содан кейін мемлекеттік грантты жұмыспен өтемеу үшін 4-курста ақылы бөлімге ауысатын. Осыған байланысты мемлекет жұмсаған шығындарды өтеу бойынша да талаптар өзгерді.

"Мәселен, студент грантта екі жыл оқып, кейін ақылы бөлімге ауысты делік. Бұл жағдайда студент қанша жыл грантта оқыса, сонша жыл грантты жұмыспен өтеуге міндетті болады. Дәл осы норма, ақылы бөлімнен грантқа ауысқан студенттерге де қатысты болады", - деп түсіндірді министр Асхат Аймағамбетов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?