Казанцев пен Кесебаева Мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды

nurotan.kz nurotan.kz
Павел Казанцев 1960 жылы Ресейде дүниеге келген.

Мәжілістің жалпы отырысында Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев Мәжіліс спикерінің орынбасарлары қызметіне сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Павел Казанцев 1960 жылы Ресейде дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

- Целиноград инженерлік-құрылыс институты (1982);

- "Автомобильдер және автосервис" мамандығы;

- Ф.Е. Дзержинский атындағы КСРО КГБ Жоғары мектебі (1986).

Әр жылдары ол Астана қаласы Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, "Nur Otan" ХДП Орталық аппаратының ұйымдастыру-саяси жұмыс департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының басшысы, Астана қаласындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық кеңесінәі мүшесі, "Nur Otan" партиялық бақылау комиетінің төрағасы болды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-01/1610694444_13.jpg

Балайым Кесебаева 1966 жылы Шымкент облысы, Киров ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келген. Талдықорған заң колледжін, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалаврын бітірген. Қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Тұрмыста, екі баласы бар.

Осы жылдары ол Маңғыстау облыстық әділет басқармасының бастығы, Қызылорда облысы әділет басқармасының бастығы болды.

2012 жылдан бастап "Nur Otan" партиясының мүшесі. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап "Nur Otan" партиясының партиялық тізімімен сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

"Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз