Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
ҚР ИИДМ
Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген.
Серік Жәмекұлы Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін ол министрдің кеңесшісі қызметін атқарған.
Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген.
1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2010 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары ол Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript