Жыл басынан бері 15 заңсыз таксист жазаланды

18 Қаңтар 2021, 12:34
Сурет: Depositphotos

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарында қоғамдық орындарда тиіскені үшін 81 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 15-і заңсыз такси жүргізушілері. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Жұматаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Нұр-сұлтан станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде қоғамдық орындарда масаң күйде тиісу фактісін анықтады.

"Тексеру кезінде көлік полицейлері теміржол вокзалының бірінші қабатында жеке тасымалдау қызметін ұсыну мақсатында, келген жолаушылардың мазасын алып, тиіскен ер адамды анықтап, ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі, яғни, қоғамдық орындарда тиісу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды",- деді А.Жұматаев.

"Жалпы ортақ пайдаланатын орындарды ластау, қоғамдық орындарда масаң күйде болу, қаңғыбастық және басқа да осыған ұқсас қоршаған айналасына құрметсіздік танытатын фактілерді анықтау мақсатында Департаменттің желілік бөліністерімен барлық әуе және теміржол вокзалдары, перрондар, жолаушылар поездары келу және кету кезеңінде, сондай-ақ жүру жолында тексеру жұмыстарын жүргізу жалғасуда",- деді полиция полковнигі.

Көлік полициясы ескертеді: ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігіне сәйкес, алғашқы әкімшілік құқық бұзушылық үшін ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайталап қоғамдық орындарда мазалағаны үшін ҚР ӘҚБтК 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға;

ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі бойынша алғаш рет жасалған осындай құқық бұзушылық үшін ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға;

Шетелдіктер үшін мұндай құқық бұзушылық үшін қамаққа алуға не ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?