Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыөзекте ТЖ тәртібіне пысқырмаған компьютерлік клуб табылды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2020 21:00 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде, яғни 26510 теңге айыппұл салынды.

Алматы облысында төтенше жағдай тәртібін бұзған компьютерлік клуб иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде түнгі мезгілде патрульдеу барысында төтенше жағдайға байланысты тыйым салынғанына қарамастан жұмыс жасап тұрған виртуальды ойын клубын анықтаған. Тексеру барысында клубта 10 астам адамның болғаны белгілі болды.

"Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көңіл-көтеру орындарының, оның ішінде ойын клубтарының, түнгі клубтардың және компьютерлік клубтардың қызметіне толығымен шектеу қойылған. Дегенмен, 1984 жылы туған жергілікті тұрғын қойылған талаптарды бұзғаны анықталды. Құқық бұзушыға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚбК 476-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды",- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары сотқа жолданып, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде, яғни 26510 теңге айыппұл салынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2020 21:00

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2020 21:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: