Қазақ қызын жар еткен итальян жігіті қазақша ән шырқады
видеодан алынды
2000 жылдары Қазақстанға келген Сон Паскаль қазақ тілінде ән шығарып, көпшілікке таныла бастады.
Италиядан Қазақстанға келіп, әншілігімен танылған Сон Паскаль "Алматы" телеарнасындағы бағдарламалардың бірінің қонағы болып, өзінің қазақшасымен көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды zakon.kz.
2000 жылдары Қазақстанға келген Сон Паскаль қазақ тілінде ән шығарып, көпшілікке таныла бастады.
Жақында ғана ол сүйіктісі Айсанамен отбасын құрып, қазір бақытты ғұмыр кешіп жатқандарын айтты..
"Иә, мен жақында үйлендім. Қазақ халқына күйеубаламын! Себебі қазақ қызын жар етіп алдым! Айсананың мінезі жақсы, мейірімді әрі төзімді. Себебі мені түсініп, маған шыдап жүр. Әйтпесе музыкантпен өмір сүру оңай емес, біздің көңіл-күйіміз жиі өзгерәп тұрады, – деді Паскаль.
Ол жарының өзі де мінезі де сұлу екенін, ешқандай пластика қолданбағанын қатты бағалайтынын айтты. Сөйтіп бағдарлама барысында қазақша ән шырқады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript